Азаматтардың мемлекеттік қызметке қабылдану тәртібі

3-тарау. Мемлекеттiк қызметке кiру
11-бап. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру
Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады. Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.
12-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
2. «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне iрiктеу Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.
«А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алынған азаматтардың «А» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға арналған конкурстық iрiктеуге қатысуға құқығы бар.3. Өз өкiлеттiктерiн терiс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкiлеттiктерiн кемiнде алты ай орындаған және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн, өз өкiлеттiктерiн тоқтатқан Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына конкурстық iрiктеуден тыс орналасуға құқығы бар. Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен кадр резервiне iрiктеуден және конкурстық iрiктеуден өтпестен орналаса алады.
4. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бiр кемсiтушiлiк белгiлеуге жол берiлмейдi. Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.12.2012 N 59-VЗаңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
13-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде қойылатын талаптар
1. Мемлекеттiк қызметк кiретiн адамдар мынадай талаптарға сай болуға:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға; 2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиiстi лауазымдарға қатысты өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға тиiс.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үмiткер адамдар мынадай талаптарға сай болуға:
1) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келуге;2) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген зейнеткерлiк жасқа толмаған болуға тиiс
2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде салық қызметi органдарына табыстары және өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiлерi болып табылатын мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi. 3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу арнайы тексерудiң оң нәтижелерi алынғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк орган арнайы тексерудiң нәтижелерiн алған күнге дейiн азаматтарды мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазым көздейтiн мiндеттердi уақытша атқару үшiн жұмысқа қабылдайды. Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi. Еңбек шарттары арнайы тексерудi жүргiзу мерзiмiне жасалады.Арнайы тексеру жүргiзу кезеңiнде бұл адамдарға осы Заңның мемлекеттiк қызметшiлердiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, мемлекеттiк қызметте болуына байланысты шектеулер бөлiгiндегi ережелерi қолданылады. Бұл адамдардың құқықтары еңбек шартында айқындалады.
4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындауы мүмкiн. 5. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң негiзгi бағыттары, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер жүзеге асыратын лауазымдық өкiлеттiктер ескерiле отырып, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына қойылатын үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары негiзiнде әзiрленедi және оларды уәкiлеттi органның келiсiмiмен мемлекеттiк органдар бекiтедi. «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын арнайы бiлiктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртiппен уәкiлеттi орган бекiтедi. Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
14-бап.Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс
1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi. «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты мемлекеттiк орган өткiзедi.Тестiлеуден өту кезiнде укiлеттi орган белгiлейтiн шектi мәндерден төмен емес баға алған азаматтардың конкурсқа қатысуға құқығы бар.2. Конкурс орталық мемлекеттiк органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлiмшелерiнде өткiзiлген кезде хабарландырулар орталық мемлекеттiк органдардың және уәкiлеттi органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ уәкiлеттi орган айқындаған мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады. Конкурсты жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда өткiзу туралы хабарландырулар жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкiлеттi органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi айқындаған мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады. Персоналды басқарудың бiрыңғай қызметi (кадр қызметi) құрылған жағдайда, хабарландырулар ол құрылымына кiретiн мемлекеттiк органның интернет-ресурсында жарияланады.3. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына өткiзiлсе, онда осы шарт конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлуге тиiс.4. Конкурсты өткiзу және конкурстық комиссияны құру тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.5. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшiн бiрыңғай конкурстық комиссия құруға жол берiледi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бiрыңғай конкурстық комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешiмiмен құрылады.
Орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлiмшелерi үшiн орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесiнде бiрыңғай конкурстық комиссия құруға жол берiледi. Аудандық, қалалық аумақтық бөлiмшелердiң бiрыңғай конкурстық комиссиясы орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесi басшысының шешiмiмен немесе жоғары тұрған органның шешiмiмен құрылады. 6. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушының «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға құқығы бар.7. Тағайындауға құқығы бар адам конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушыны «Б» корпусының жарияланған мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына қабылдауға мiндеттi. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттiк қызметке кiру үшiн көзделген талаптар сақталуға тиiс.8. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызметке ұсынған конкурсқа қатысушы «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алынуға құқылы.Мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясының ұсынымы бойынша «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алынған конкурсқа қатысушы өзi алынған күннен бастап бiр жыл iшiнде, бiлiктiлiк талаптарына сай келген жағдайда, сол мемлекеттiк органда «Б» корпусының тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына қосымша конкурстан өтпестен орналасуға құқылы.9. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. 10. «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзудiң ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).