«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарының сақталуы және әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі» тақырыбында семинар өткізілді.

Ағымдағы жылдың 2 тамызында «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-де Ақтөбе облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Р.М. Омарова және басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарының сақталуы және әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі» тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – қызметшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру, имиджін және азаматтардың оларға сенімін нығайту.
Семинарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормалары және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережесі түсіндірілді.
Жиын соңында мемлекеттік қызметшілердің қиянатқа бармайтындығы және олардың қызметінің ашықтығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты жетістігінің негізі екендігі айтылды.