Денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

1. Жұмыскерлердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік
жарақаттануына, кәсіптік ауруга шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне немесе денсаулығына өндіріспен байланысты емес өзге де зақым келуіне байланысты жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге не кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылуы белгіленгенге дейін жұмыскерді неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға не еңбек, ұжымдық шарттарда жазылган жағдайларда оны жұмыстан босатуға міндетті.
Жұмыскер мүгедектіктің белгіленгені немесе денсаулық жағдайының еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретіндей өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлауга міндетті.
Денсаулық жағдайы бойынша уақытша басқа жұмысқа ауыстыру:
өндірістік жарақаттануына;
• кәсіптік ауруға шалдығуына (кәсіптік ауру- жұмыскерлердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оған зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаган созылмалы немесе қатты ауру;
• еңбек міндеттерін орындауына байланысты, денсаулығына өзге де зақым келуіне;
• денсаулығына өндіріспен байланысты емес өзге де зақым келуіне байланысты жүзеге асырылады.
Жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру үшін негіздеме, ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» №907 бұйрығымен бекітілген, 035-1/у нысаны бойынша ДКК берген, медициналық қорытынды болып табылады:
1) басқа жұмысқа ауыстыру үшін емделушінің денсаулық жағдайы туралы;
2) өндірісте жазатайым оқиғаның нәтижесінде, сондай-ақ кәсіби ауруды, оның ауырлық дәрижесін белгілеу кезінде денсаулыққа тигізген зақымдардың сипаты туралы (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015жылғы 5 мамырдағы «Дәрігерлік – консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы»№321 бұйрығының 17-т.).
ДКК қорытындыларының мерзімі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» №321 бұйрығына қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Жұмыс беруші қызметкерді:
• еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге дейін;
• ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №44 бұйрығына 12-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша берілген мүгедектік туралы анықтамамен расталатын, мүгедектік берілгенге дейін;
· ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы №44 бұйрығының 13-қосымшаға сайкес, нысан бойынша берілген мүгедектік туралы анықтамамен расталатын, кәсіби еңбекке қабілеттілігінен мүгедектік туралы анықтамамен расталатын, кәсіби еңбекке қабілетті айыру белгіленгенге дейін неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға не еңбек, ұжымдық шарттарда жазылған жағдайларда оны жұмыстан босатуға міндетті.
2. Жұмыскер еңбек міндеттерін атқаруга байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өзге де зақым келген кезде не өндіріске байланысты емес денсаулығы нашарлау салдарынан неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 3)тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
Жұмыскерді жұмыстан босату негіздері:
• еңбек міндеттерін орындауга байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан;
• денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген;
• жұмыскер денсаулық жағдайына байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайлар.
Жұмыскер енбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде не жұмыскердің жазбаша бас тартуының жоқтығы туралы акт болған кезде еңбек шартын тоқтатуға жол береді.
Түсіндірме беріліп отырған негіз бойынша жұмыскердің:
• еңбекке уақытша қабілетсіздігі (оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты);
• демалысы кезеңінде осы баптың 1-т. көрсетілген негіздер бойынша еңбек шартын тоқтатуға жол берілмейді.