Басқармамен жалақы қарызының төлену мәселесі басты назарда.

Облыс аумағындағы мекемелер мен кәсіпорындарда жалақы төлемін кешіктіру фактілері анықталған жағдайда, дереу әрекет ету шаралары жүргізіліп, жалақы қарызының қалыптасу жағдайының алдын алу шаралары қабылдануда, яғни аталған мәселелер дағдарысқа қарсы штабтың және облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралуда.
Бұдан басқа, мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмысшылардың шағымдары мен өтініштерін тексеру барысында әсер етудің өзге де нысандары мен тиісті нұсқамаларды беру арқылы еңбекақының толық өтелуіне қол жеткізеді. Әлеуметтік шиеленіс пен еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында аталған мәселеде басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады, соның ішінде прокуратура органдарымен, әділет және мемлекеттік кірістер департаменттері, жергілікті атқарушы органдарымен апта сайынғы негізде берешектер сомасы бойынша салыстырулар өткізіледі.
Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері облыс бойынша 564,5 млн. теңге сомасында еңбекақы бойынша берешек өтелді.
Жыл басынан бері облыс аумағында еңбек дауларының фактілері тіркелген жоқ және қандай да бір елеулі әлеуметтік шиеленіс ошақтары мен наразылық акциялар орын алған жоқ.