Республика бойынша «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы жүргізілуде

Биылғы жылдың тамыз айының 1-нен 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта Республика бойынша «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы жүргізілуде. Аталған акцияның мақсаттары: мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударту; міндетті орта білім алуға барлық азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық және түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Осы мақсатпен қайырымдылық акциясына Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының қызметкерлері аз қамтылған отбасы баласына мектепке дайындауға өз үлестерін қосты. Аталмыш іс-шара барысында 9 сынып оқушысына мектеп киімдері, спорт киімдері және оқу құралдары сатып алынды.