Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар

Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар
1. Жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі:
1) жүктілікке және босануға байланысты демалыс;
2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс;
3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.
Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге деәлеуметтік мақсаттарда жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі (ҚР ЕК 87-б. 4-т.).
Баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі:
· жукті әйелдерге;
· бала (балаларды) туған әйелдерге;
· жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге).
2. Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсыну арқылы ресімдейді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – жетпіс) күнге жүктілікке және босануға байланысты демалыс беріледі.
Әйел төленетін жыл сайынғы еңбек демалысында немесе уш жасқа толғанша балаға күтім жасау бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша демалыста болған кезеңде жүктілік басталған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүктілігі мен босануы бойынша демалыстың бүкіл күндерінде беріледі.
3. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы асырап алушылардың біреуіне (өздерінің қалауы бойынша) бала асырап алғанына байланысты бала асырап алған күннен бастап бала туылғаннан 56 күнге беріледі. Осы кезеңге бала асырап алған жұмыскерге, осы баланың әкесіне әлде анасына демалыс беріледі.
4. Егер еңбек және немесе ұжымдық шарт талаптарында, жұмыс берушінің актісіне көзделсе, орташа жалақыны сақтай отырып, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегеріп, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.(ҚР ЕК 23-б. 2-т. 14) тарм. сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүзеге асыруға міндетті.