Конверттегі жалақы

Көп жағдайда, жұмыс берушілер қызметкердің құқықтық сауатсыздығын пайдаланып, еңбек шартын жасасқан кезде жалақының ең төменгі мөлшерін көрсетеді немесе тіпті оны жұмысқа еңбек шартынсыз қабылдайды. Осылай жұмыс беруші салық, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды төлеуден жалтарады.
Жалақыны «конвертте» алатын жұмысшылар әрқашан тәуекел аймағында болады. Егер де қызметкермен еңбек шарты жасалмаса, онда кез-келген дау туындаған немесе жазатайым оқиға болған кезде жұмыс беруші қызметкердің алдындағы заңды міндеттемелерінен босатылады.
Мұндай жағдайларда ресми түрде жасалынған еңбек шартынсыз бақылау органдары қызметкерлерге көмектесе алмайды, және зардап шеккендерге сот органдарына жүгінуге тура келеді.
Осылайша, қызметкердің жалақысының үлкен бөлігін «конвертте» алатын жағдайлар қызметкердің әлеуметтік қорғалуын айтарлықтай нашарлатады, өйткені кейбір жағдайларда мемлекеттік қолдау (зейнетақы, жәрдемақылар және т. б.) көп аса ресми жалақының деңгейіне байланысты болады.
Сондықтан да, жалақыны «конвертте» алуға келісім бергенде, болашақта бұл қандай жағдайға әкеліп соқтыратынын ойлану қажет.