Еңбек күніне арналған «Еңбек-бақытқа бастар жол!» атты мерекелік шара

2017 жылдың 22 қыркүйегінде Еңбек күніне арналған «Еңбек-бақытқа бастар жол!» атты мерекелік шара Металлург мәдениет үйінде Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың қатысуымен өткізілді.
Еңбек күні- біздің мемлекетіміздің күнтізбесінде ең жас мерекелердің бірі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013жылы қыркүйек айының соңғы жексенбісін Еңбек күні мерекесі ретінде бекіткен.
Бұл мерекенің ең басты мақсаты - еңбек өнімділігінің нәтижелерін ынталандыру, жастар арасында жұмыс кәсіптерін насихаттау және жұмыс әулеттерінің көпжылғы дәстүрін нығайту. Еңбек күнін облыстың барлық мекемелері атап өтеді және «Өндіріс озаты», «Жастар тәлімгері», «Жас жұмысшы», «Еңбек әулеті» номинациялар бойынша өздерінің озат кандидаттарын ұсынды.
«Ақтөбе облысының өндіріс озаттары» номинациясы бойынша келесі тұлғалар марапатталды:
1. Тлюупов Байбури Конскалиевич;
2. Ведута Анатолий Юрьевич;
3. Эшмантович Борис Валентинович;
4. Сиразитдинов Ринат Адугамович;
5. Нурсаизов Алимжан Темиргалиевич;
6. Кушкенов Бауыржан Куманбаевич;
7. Жангабылов Газиз.
«Жастар Тәлімгері» номинациясы бойынша Нургалиев Байгали Кубаевич, «Жас жұмысшы» номинациясы Досов Руслан Эврахимович, «Еңбек әулеті» номинациясы бойынша бойынша Кызылбаев Марс Бисембаевич марапатталды.
Ақтөбе облысының әкімі М.Б.Сапарбаев алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы табыс етті.