«Жылжымалы құрамдағы қабылдау» акциясы

«Жылжымалы құрамдағы қабылдау» акциясы
2017 жылдың 22 қыркүйегінде Ақтөбе стансасынан Шұбарқұдық стансасына дейін Ақтөбе көлік прокуратурасы «Жылжымалы құрамдағы қабылдау» акциясын өткізді.
«ҚТЖ – ЖҮК тасымалы» АҚ – «ТС Ақтөбе бөлімшесі» 2 өз алдына вагон бөліп, осы вагондарда жолда кездескен станциялардан азаматтарға қабылдау жүргізілді.
Аталған акцияға «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-сі басшысының орынбасары- мемлекеттік еңбек инспекторы Уразаев Бауыржан Бибиталыевич қатысты.
Акция барысында Ақтөбе станциясынан бастап Шұбарқұдық станциясына дейінгі тұрғындар түрлі сұрақтармен жүгініп, ҚР Еңбек заңнамасы туралы мәселелер көтерді.
«Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-нің өкілі барлық сұрақтарға жауап беріп, құқықтық көмек көрсетті.