Жұмыс берушілердің қызметін декларациялау

«ГЕОМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1995 жылы құрылды.
Қызметі басталған уақыттан бері күні бүгінге дейін «ГЕОМ» ЖШС үшін өнім сапасының жоғары болуы ең маңызды басымдық болып табылады. Сонымен қатар, өндіріске жұмсалған еңбек күшінің сапасы және адамдардың кәсіби біліктілігінің сапасы да аса маңызды. «ГЕОМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 650 адам жұмыс істейді. Орташа еңбекақы 60000-65000 теңгені құрайды.
Кәсіпорын өнімдері көптеген халықаралық марапаттарға ие. Компания 2001 жылы азық-түлік өнеркәсібі саласындағы қазақстандық кәсіпорындар арасында алғашқылардың бірі болып ISO 9001 стандарттары бойынша халықаралық сертификаттаудан өтті.
Кәсіпорын өнімі Ұлыбританияға, АҚШ, Қытайға және басқа да елдерге экспортталады.
«ГЕОМ» ЖШС 2016 жылы Ақтөбе қаласының бюджетіне 4,1 млрд теңге акциздік салық төлеген ірі салық төлеуші болып табылады.