Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының 2017 жылдың 3-ші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша ақпарат

Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы облыстың мекемелері мен ұйымдарындағы еңбек заңдылықтарының сақталуына бақылау жасауда біршама жұмыстарды атқарып келеді.
2017 жылдың 3 тоқсанында Мемлекеттік еңбек инспекциясымен облыстың мекемелері мен ұйымдарында 217 тексеріс жүргізілді, тексерулердің нәтижелері бойынша 450 түрлі бұзушылықтар, оның ішінде 333 - еңбек қатынастары бойынша, 102 - қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша, 15 - халықты жұмыспен қамту бойынша анықталды.
Инспекциямен тексерілген кәсіпорындардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі 150 ұйғарым берілді.
Заң бабтарын бұзған 36 заңды тұлғаларға және жауапты қызметкерлерге әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің бабтары бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, оларға жалпы сомасы 4,3 млн. теңге сомасында айыппұл салынды.
Есепті кезеңде, басқа мәселелермен қатар, инспекция еңбек қатынастары саласына, соның ішінде еңбекақының уақытылы төленуі мәселелеріне ерекше назар аударды.
Жұмыстың аталған бағытының маңыздылығы облыстың қоғамдық-саяси жағдайына тікелей байланысты.
Барлық өтініштер мен шағымдардың 80 %-ға жуығы еңбекақы және еңбекақының төленбеуі мәселесімен байланысты және анықталған бұзушылықтардың шамамен 70 % еңбек қатынастары саласына тиесілі екендігін айта кету керек.
2017 жылды 3-тоқсанының қорытындысы бойынша 368,3 млн. теңге шамасында жұмысшылардың еңбек ақылары өндірілді.
Сондай-ақ, мекемелерге еңбек кодексінің талаптарына және жаңа классификатордың жобасына түсінік жұмыстары жүргізілді.