Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының талаптары сақталуы

Қазіргі таңда мемлекеттік еңбек инспекторларымен кейбір мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының талаптары сақталуы негізінде жұмыс беруші тарапынан жұмыспен қамту орталығына лауазымдық бос орындар болған жағдайда мәлімет жіберуі бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 23 бабының 2 тармағының 11 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 28 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жiберуге міндетті.
Алайда, кейбір мекемелерде бос орын бола тұра тиісті мәлімет жұмыспен қамту орталығына жіберілмейді.
Осы заң бұзушылықтарды жою мақсатында, заң бұзған мекемелерге нұсқама беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылуда