Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу жөніндегі Штаб

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу жөніндегі Штаб - Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.
Штаб облыс әкімдігінің 13.02.2013 жылғы №32 қаулысымен құрылды.
Облыс әкімдігінің 29.12.2015 жылғы №471 қаулысымен алдыңғы қаулының штаб құрамы, штаб қызметінің басшылығы бөлігіне өзгерістер енгізілді.
Штаб өз қызметін ҚР Конституциясына, ҚР Еңбек Кодексіне, ҚР "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына, қоғамдық бірлестіктер, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Штаб құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің басшылары кіреді.
Штаб шешімі ұсынымдық сипатта болады.
Штабтың мақсаты - қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік - еңбек мәселелерін реттеу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Штабтың негізгі міндеттері мен функциялары:
1) еңбек саласындағы қарым-қатынастарды және үрдістерді дамыту, жан-жақты және объективті түрде зерделеу, қорыту және талдау;
2) қоғамдық - саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік-еңбек дауларын ескерту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Штаб отырысы ережеге сәйкес қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ тоқсанына 1 реттен кем емес.
Штабтың шешімі онда көрсетілген орындаушылармен міндетті орындау үшін хаттамалық тапсырмамен рәсімделеді.
Хаттамалық тапсырманың орындалуы Штабтың жұмысшы органы – Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасымен бақыланады.