«Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай» республикалық форумы өтті.

26.10.2018жылы Астанада Еңбек күні мен Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күніне орай «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай» республикалық форумы өтті.
Салтанатты шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-қауымдастықтардың, кәсіподақтардың өкілдері қатысты.
Форум аясында еңбекшілердің фото-көрмесі өтті, еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді, сонымен қатар «Еңбек жолы»және «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» республикалық конкурстарының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапатталды.