Меморандум

2019 жылдың қаңтар және ақпан айларында облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың және облыс әкімінің орынбасары Қайрат Әскербекұлы Бекеновтің төрағалығымен "СНПС-АТК" ЖШС, "Великая Стена "ККБК" ЖШС, "АЗХС" ЖШС, "АРБЗ" ЖШС, "КМК-Мұнай" АҚ, "Восток нефть и сервистік қызмет көрсету" ЖШС, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС және "Ақтөбе облысының Кәсіподақ орталығы"кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі сияқты кәсіпорындармен кездесулер өтті.
Осы Меморандум өндірістік кешеннің тұрақты жұмысын, жұмыс орындарын сақтауды, инвестицияларды тартуды және қызметкерлердің жалақысын арттыруды, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді қамтамасыз етеді.