Халық алдында есеп беру

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ «АЛМАТЫ» АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
24 қаңтар күні Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылдың міндеттемелері туралы халық алдындағы есеп беру жоспарына сай Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі Әділкерей Сағидуллаұлы Әуелбаев 2019 жылы атқарылған жұмыстарды халыққа баяндады. Кездесуге Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин, Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Зейнуллаулы Ақылбек, қалалық маслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова және қала тұрғындары қатысты.