Меморандумға қол қою

2020 жылдың 11 ақпанында облыс әкімінің орынбасары Қ.Бекеновтің, Облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиевтің, Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы С.Е. Аманбаевтың, сондай-ақ «Восход-Oriel», «Восход Хром», «Ақтөбе мыс компаниясы», «Коппер Текнолоджи» ЖШС-ларының басшыларының қатысуымен еңбек қатынастарын реттеу, еңбек ұжымдары жұмысшыларына әлеуметтік кепілдіктер беру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кездесу соңында облыс әкімдігі, жұмыс берушілер мен кәсіподақ арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және жұмысшыларды тарту саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.