«ADM Investment» ЖШС қызметкерлерімен кездесу

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында «ADM Investment» ЖШС құс фабрикасының 50-ге жуық жұмысшысы әкімдік ғимаратына олар атқарған жұмыстары үшін жалақы төлеуге көмек сұрап келді. Облыс әкімінің атынан, облыс әкімінің орынбасарлары А. Бердалин мен К. Бекенов құс фабрикасының жетекшісі мен кәсіпорындағы жұмысшылардың бастамашыл тобының, осы жобаны қаржыландыруға қатысқан мүдделі қаржы институттарының өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында осы агроөнеркәсіптік жоба бойынша мәселелер тыңдалды. Барлық тараптар басты міндет - кәсіпорынды сақтау және жұмысшыларға жалақы төлеу мәселесін басымдылық негізінде шешу қажеттілігі туралы пікірге келді. Құс фабрикасы басшылығы мен қаржы институттары арасында банктік шоттар арқылы жалақы беру мәселесінде ымыраға келу табылды.
Қаржы институттары мен кәсіпорын басшылығы арасында жоспарланған келісімге сәйкес, құс фабрикасы қызметкерлеріне жалақы төлеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, банк қызметкерлерге жеке несие төлеуді кәсіпорын шешімін тапқанға дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.
Кездесуден кейін құс фабрикасының директоры, сондай-ақ бастамашыл топ әкімдік басшылығына кәсіпорындағы өзекті мәселені шешуге ұйымдастырылған «диалог алаңы» үшін алғыс айтты.