Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы

2020 жылы 17 ақпанда Нұр Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтті, онда 2019 жылға арналған жұмыс қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттер туралы айтылды.
Салалық жиналыста шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге мемлекеттік бақылау жүргізудің оң тәжірибесі ретінде Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы С.Е. Аманбаев сөз сөйледі.