Атыраудағы халықаралық форум

Атырау қаласында 2020 жылдың 27 ақпанында «Халықаралық Медиация орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі ( РҚБ) (Нұр-сұлтан Қ.) «Әлеуметтік-еңбек және трансшекаралық даулар» халықаралық форумын өткізді.
Форумда Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы С. Е. Аманбаев «Әлеуметтік-еңбек саласындағы еңбек дауларын шешудің оң мысалы ретінде медиациялық келіссөздер арқылы еңбек дауларын шешудің құқық қолдану тәжірибесі» тақырыбында сөз сөйледі.